ӘБУ НӘСІР ӘЛ-ФАРАБИ ЕСКЕРТКІШІ

ІХ-Х ғасырларда Фараб жерінде туылып өзінің ерекше талантымен әлемге танымал болған ғұлама, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әбу Нәсір әл-Фарабиге арналған ескерткіш 2012 жылы орнатылды. Ескерткіштің тұғырымен қосқандағы биіктігі – 3.5 метр.
Әл-Фараби, толық аты-жөні – Әбу Нәсір Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки 870 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар (Фараб) (қазіргі Түркістан облысының аймағы) қаласында дүниеге келген. Ғалым өмір сүрген ІХ-Х ғасырлар тарихта Ұлы Жібек Жолы бойындағы қалалар, әсіресе Орта Азия халықтарының экономикасы мен мәдениеті, ғылымы кең өркен жайған кезең болатын. Болашақ ғұлама алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашқанымен 15-16 жастарында білім іздеп Бағдат, Дамаск қалаларына аттанады. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен Ислам дінін қабылдаған болатын.
Толық оқу →

ӘБУ НӘСІР ӘЛ-ФАРАБИ ЕСКЕРТКІШІ

ІХ-Х ғасырларда Фараб жерінде туылып өзінің ерекше талантымен әлемге танымал болған ғұлама, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әбу Нәсір әл-Фарабиге арналған ескерткіш 1991 жылы Шәуілдір ауылы орталығы, Отырар ауданы әкімдігі алдында орнатылды. Ескерткіштің тұғырымен қосқандағы биіктігі – 9,8 метр. Авторлары – Н.Рүстемов, Д.Әлдеков
Әл-Фараби, толық аты-жөні – Әбу Нәсір Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки 870 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар (Фараб) (қазіргі Түркістан облысының аймағы) қаласында дүниеге келген. Ғалым өмір сүрген ІХ-Х ғасырлар тарихта Ұлы Жібек Жолы бойындағы қалалар, әсіресе Орта Азия халықтарының экономикасы мен мәдениеті, ғылымы кең өркен жайған кезең болатын.
Толық оқу →