ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВ ЕСКЕРТКІШІ

Қазақ кәсіпқой күресі тарихында бұрын-сонды болмаған нәтижелерге қол жеткізіп, тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнаған, өз заманында күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған балуан – Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған ескерткіш 2012 жылы Шәуілдір ауылы, Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт сауықтыру орталығы алдында орнатылды. Ескерткіштің тұғырымен қосқандағы жалпы биіктігі – 3,5 метрді құрайды.
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы – 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген. Кейбір деректерде, оның 1886 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған. Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы – 1906 жыл.
Толық оқу →

ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВ ЕСКЕРТКІШІ

Қазақ кәсіпқой күресі тарихында бұрын-сонды болмаған нәтижелерге қол жеткізіп, тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнаған, өз заманында күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған балуан – Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған ескерткіш 2003 жылы Ордабасы аудандық спорт мұражайы алдында орнатылды. Авторы – Анарбеков. Ескерткіштің тұғырымен қосқандағы жалпы биіктігі – 6,4 метрді құрайды.
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы – 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген. Кейбір деректерде, оның 1886 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған. Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы – 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі.
Толық оқу →