ТАҢБАЛЫ ТАС ЕСКЕРТКІШІ



Созақ өңірінде тарихи-мәдени ескерткіштер көп. Таңбалы тас туралы тұжырым қазақтың дара ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбаларынан табылған. «Бетпақ шөлінде таңбалы Нұра деген жер бар еді. Сонда тасқа басылған таңбалар бар. Үш жүздің баласы қазақтың таңбаларында талас болса, сол тасқа барып қарасады. Алаша ханның жарлығымен басылған таңба деседі», — депті шежіреші. Әлкей Марғұланның жазбаларында да да таңбалы тас туралы деректер бар. Ол: «Қазақ сахарасындағы мәдениеттің бір жарқын түрі – тарихи дәуірлерде осы араны қоныстап келген тайпалардың тас бетіне қалдырған белгілері», — деп жазады. Осы орайда таңбалы тасты 1840 жылы ресейлік ғалым А.И. Шренк зерттегені еске оралады.
Толық оқу →