Сүткент қалашығы (І – ХҮ ғғ)



Сүткент қалашығы Ұлы Жібек жолы бойындағы Сырдарияның сол жағалауындағы көлемі мен маңыздылығы жағынан да бірегей ескерткіш. Шардара ауданы Сүткент ауылынан шығысқа қарай 3 шақырым жерде, Сырдарияның сол жағалауында орналасқан.

Х-ХІ ғасырлардағы араб және түркі жазба деректерінде Фараб округінің Мауераннахрмен шекарасындағы қала ретінде аталады. Ол туралы араб тарихшысы әрі географы ибн Хаукаль: «Сүткент Шаштың батысында, онда мешіт бар. Мешітке исламды қабылдаған түркілер жиналады», — деп жазған. Сүткенттің аты ХІ ғасырдың соңынан ХҮ ғасырдың басына дейінгі деректерде кездеспейді. Тек 1404-1405 жж. Әмір Темірдің Отырарға жорығы кезінде қайта аталады.