ТӨЛЕ БИ ЕСКЕРТКІШІ

Қазақтың қоғам қайраткері, сөз шебері, Ұлы жүздің төбе биі – Төле Әлібекұлына арналған ескерткіш 2000 жылы орнатылған. Ескерткіштің тұғырымен қосқандағы биіктігі – 4,40 метрді құрайды.
Төле Әлібекұлы – 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірінде туған. Жастайынан әкесіне еріп жүріп ел көріп, жұрт таныған Төле қазақтың ақындық-шешендік өнерінен мол тағылым алды. Он бес жасынан бастап билікке араласып, өзінің ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен ел арасында жоғары дәрежеге көтерілді. Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған Төле артында «бүтін билікке Төле би жеткен» деген сөз қалған тарихи тұлға. Ол Ұлы Алла Тағаланың адамзат баласына соңғы Елші Мұхаммед саллаллаһу ғалейһи уәсәлләм арқылы жеткізген Құран ғылымын терең меңгерген Қазақ хандығының өмірлік заңдары жиынтығы «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі ретінде белгілі.
Толық оқу →

ТӨЛЕ БИ ЕСКЕРТКІШІ

Қазақтың қоғам қайраткері, сөз шебері, Ұлы жүздің төбе биі – Төле Әлібекұлына арналған ескерткіш 2001 жылы Сарыағаш қаласы, Төлеби орталық алаңында орнатылған. Авторы – С.И.Усольцев. Ескерткіштің тұғырымен қосқандағы биіктігі – 6,1 метрді құрайды.
Төле Әлібекұлы – 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірінде туған. Жастайынан әкесіне еріп жүріп ел көріп, жұрт таныған Төле қазақтың ақындық-шешендік өнерінен мол тағылым алды. Он бес жасынан бастап билікке араласып, өзінің ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен ел арасында жоғары дәрежеге көтерілді. Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған Төле артында «бүтін билікке Төле би жеткен» деген сөз қалған тарихи тұлға. Ол Ұлы Алла Тағаланың адамзат баласына соңғы Елші Мұхаммед саллаллаһу ғалейһи уәсәлләм арқылы жеткізген Құран ғылымын терең меңгерген Қазақ хандығының өмірлік заңдары жиынтығы «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі ретінде белгілі. Заманында Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәуке ханды қолдап, Үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа жинауға, осылайша қазақ мемлекетін нығайтуға, қалмақтарға қарсы бауырлас өзбек және қарақалпақ халықтарымен бірлесе жауынгерлік одақ құруға атсалысты. Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйытқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей және Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. 1742жылыАбылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші боп барып, келіссөз жүргізіп, қазақ ханын тұтқыннан шығарып алды. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1748 жылы Әбілқайыр хан қаза тапқанда, оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле би Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады.Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Төле би өмірінен жоғарыдағы сынды оқиғаларды көптеп келтіруге болады. Ол өзінен кейінгі ұрпақтарына көп мал-дүние қалдырмаса да, бүкіл қазақ еліне хақ жолды көрсететін, бағыт-бағдар беретін өсиет-нақыл сөздерімен тарихта өшпес із қалдырды. Оның шешендік сөздері мен айтпақ болған ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулері тыңдаушысын таң қалдырмасқа шара жоқ. Екі жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де Төленің өсиеттері қазір айтылған сөздей әсер береді. Аңыз-әңгімелердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына: «Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса, хандыққа таласады» – деп жауап беріпті.

ТӨЛЕ БИ ЕСКЕРТКІШІ

Қазақтың қоғам қайраткері, сөз шебері, Ұлы жүздің төбе биі – Төле Әлібекұлына арналған ескерткіш 1993 жылы Леңгір қаласының орталық алаңында тарихи тұлғаның 330 жылдық мерейтойы қарсаңында орнатылған. Ескерткіштің тұғырымен қосқандағы биіктігі – 5,8 метрді құрайды.