ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ БЮСТІ

Мемлекет және қоғам қайраткері, Тұрар Рықұловқа арналған бюст 2004 жылы Жаңа ауыл а/о, Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі алдында орнатылды. Бюстің тұғырымен қосқандағы биіктігі – 2,8 метрді құрайды.
Тұрар Рысқұлов – 1894 жылғы 26 желтоқсанда Жетісу облысы, Верный уезі, Талғар болысында дүниеге келген. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Түркістан облысының Түркібасы ауданы ) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды.
Толық оқу →

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ БЮСТІ

Мемлекет және қоғам қайраткері, Тұрар Рықұловқа арналған бюст 2009 жылы Қазығұрт ауыл округы №90 Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицейін 1979 жылы бітірген түлектерінің демеушілігімен орнатылды. Бюстің тұғырымен қосқандағы биіктігі – 3 метрді құрайды.
Тұрар Рысқұлов – 1894 жылғы 26 желтоқсанда Жетісу облысы, Верный уезі, Талғар болысында дүниеге келген. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Түркістан облысының Түркібасы ауданы ) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді.
Толық оқу →