СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ БЮСТІ

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында жұлдыздай жарқырап, халқының тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен көрнекті қайраткер, ұстаз, ғалым әрі публицист Сұлтанбек Қожанұлына арналған бюст 2010 жылы Жетісай драма театры алдында орнатылды. Ескерткіштің жалпы тұғырымен қосқандағы биіктігі 3,6 метрді құрайды.
Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов 1894 жылы 10 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысының Созақ ауданына қарасты Ақсүмбе ауылында кедей отбасында дүниеге келген. Жастайынан Алла Тағала берген ерекше дарынды қабілеттерімен маңайындағы құрбыларынан дараланып тұратын Сұлтанбек алғаш 2010 жылы Түркістандағы 4 сыныптық орыс тузем бастауыш мектебін, 1913 жылы қалалық мектепті, кейінректе Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын және Мәскеудегі орталық комитеттің Марксизм-Ленинизм курстарын бітірген.
Толық оқу →

СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ БЮСТІ

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында жұлдыздай жарқырап, халқының тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен көрнекті қайраткер, ұстаз, ғалым әрі публицист Сұлтанбек Қожанұлына арналған ескерткіш 2005 жылы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында орнатылды. Демеушісі – Кентау трансфарматор зауыты. Ескерткіштің жалпы тұғырымен қосқандағы биіктігі 3,25 метрді құрайды.
Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов 1894 жылы 10 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысының Созақ ауданына қарасты Ақсүмбе ауылында кедей отбасында дүниеге келген. Жастайынан Алла Тағала берген ерекше дарынды қабілеттерімен маңайындағы құрбыларынан дараланып тұратын Сұлтанбек алғаш 2010 жылы Түркістандағы 4 сыныптық орыс тузем бастауыш мектебін, 1913 жылы қалалық мектепті, кейінректе Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын және Мәскеудегі орталық комитеттің Марксизм-Ленинизм курстарын бітірген.
Сұлтанбектің өмірдегі саяси қызметінің басталуы Орта Азия мен Қазақстан жерінде ұлт-азаттық көтерілістер бастау алған 1915-1916 жылдарға сәйкес келеді. Осындай қиын кезеңде Ташкент қаласында семинарияның түркішіл жастарынан құралған «Кеңес» атты жастар ұйымы құрылады. «Кеңес»-тің ұйымдастырушылары ішінде Сұлтанбек те болған. 1917 жылы Ташкентте М.Шоқай, С.Ақаев, Қ.Болғанбаев, Қ.Қожықовтармен бірге «Бірлік туы» газетін шығаруға атсалысып, Түркістан автономиясының қалыптасуына қызу қолдау көрсетеді.1918 жылдан бастап өңірде орын алып отырған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытып, аштықпен күресетін орталық комиссияның мүшесі ретінде Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Шиелі өңірлерінде ашыққан адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастырады. 1919-1920 жылдары Сырдария уезі төрағасының орынбасары, Түркістан уездік-қалалық атқару комитетінің, Сырдария облыстық революциялық кенттің төрағасы, Түркістан республикасы ішкі істер халық комиссары, 1921 жылы Халық ағарту халық комиссары қызметтеріне тағайындалды. Ол осы қызметтерді атқару барысында БОАК пен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Түркістан ісі бойынша құрған комиссиясы – Түріккомиссияның Ресейде іске асырылып жатқан коммунистік шараларды Түркістан өміріне күштеп енгізуге, таптық күресті шиеленістіре түсуге, сөйтіп ұлттық мәселені кейінге ығыстырып тастауға бағытталған әрекетіне қарсы тұрды. Оқу-ағарту саласында білім беруді жергілікті халықтар тілінде жүргізу мәселесін көтеріп, оны жүзеге асыруды талап етті.
1920-24 жылдары Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы X, XIII, XIV съездерінің, Түркістан Коммунистік партиясы V-VIII съездерінің, Түркістан республикасы Кеңестері IX-XIII съездерінің мәжілістеріне Сұлтанбек Қожанов белсене қатысты. Әрбір съезд жиылысында Сұлтанбек өзінің ойлы ұсыныстарын айтып, іскерлігін танытты. Мәскеу, Петроград секілді ірі қалаларда жоғары оқу орындарында білім алып жатқан түркістандық жастарға материалдық көмек көрсетуде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Түркістанда баспасөздің және ұлттық театрдың өркендеуіне елеулі үлес қосты. “Ақ жол” газетін шығаруды ұйымдастырып, оның алғашқы редакторы болды. 1922 жылы Түркістан республикасының Жер шаруашылығы халық комиссары ретінде, ауыл ахуалына ерекше көңіл бөліп, өлкедегі жер-су реформасына тек таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық сипат беру бағытын да ұстанды.
1922-1924 жылы Түркістан КП комитетінің хатшысы, атқару кенті төрағасының орынбасары, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі болды. 1924 жылы қарашада РК(б)П Қазақ обкомының (1925 жылы ақпаннан – Қазақ өлкекомының) екінші хатшысы қызметіне жіберілді. Қ-тың тікелей ұсынысымен Кеңестердің І съезі қазақ халқы тарихи атауын (патшалық тұсынан бұрмаланып қалыптасқан «киргиз» деген атты төл атауына – “қазаққа” түзетіп) қайтарып, астаналық қала атын Қызылорда деп өзгертті.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның іргесін қаласқан көрнекті саясатшы, мемлекет қайраткері өзіндік көзқарасын әрдайым ашық, батыл танытып отырды. 1937 жылы Сұлтанбек қырық үш жасында қылышынан қан тамған сталиндік жазалаушы саясаттың құрбаны болды. Өзінің бүкіл саналы өмірін халқының бақытты болашағы жолындағы тайталаста өткізген. Қожанов еліміздің тарихында аса ірі мемлекет қайраткері ретінде қалды.