САТТАР ЕРУБАЕВ БЮСТІ

Қазақ халқы тарихында жұлдыздай жарқырап, ерте сөнген талантты жас ақын – Саттар Асқарұлы Ерубаевқа арналған ескерткіш бюст 2016 жылы Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылының Саттар Ерубаев атындағы орта мектебі алдында орнатылды.
Саттар Асқарұлы Ерубаев 1914 жылы қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданына қарасты Арыс совхозындағы Ұзынқұдық жайлауында туылған Алғаш Түркістандағы бастауыш мектепті бітірген соң, жеті жылдық орыс мектебінде оқиды. 1927 жылы аудандағы Комсомол колхозында қызмет жасайды. 1930 жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Лининград тарих, философия және лингвистика институтына оқуға түседі. 1933 жылы институтты үздік бітіреді. Дипломдық жұмысын жоғары деңгейде қорғағаны үшін жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы шығарылады. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша Ерубаев аспирантураға қалдырылған екен. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. 1933-1934 жылдары «Ленинская смена» газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, «Лениншіл жас» газеті редакторы; 1933-1934 жылдары Жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ұстазы, 1934-1935 жылдары қалалық Қарағанды пролетариаты (қазіргі «Орталық Қазақстан») газеті редакторының орынбасары сынды қызметтер атқарды.
1935 жылы Ерубаев Ленинград университетінің аспирантурасына оқуға түседі. Дегенмен өкпе ауруына шалдыққан Саттар бір-ақ жылдан соң Алматыға қайтуға мәжбүр болады. Алматыдағы Қазақстан педагогикалық институтында қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар оқиды. Алайда, дертінің асқынғанынан 1937 жылы 2 маусымда Алматыдағы Түрксіб ауруханасында көз жұмады. Бұл кезде Саттар бар болғаны 24 жаста болатын. Саттар Асқарұлы қаламынан «Бақыт», «Мәңгілік өмір», «Өмір көркемдігі», «Келесі соғыс туралы» новеллалары, «Өмір туралы рапорт», «Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа» тәрізді балладалары, алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары өзіндік өзгеше үнімен, жүрек жарды лебімен, мөлдір сыршылдығымен, қалтқысыз шыншылдығымен қазір де қайран қалдырады. Аяқталмаған «Менің құрдастарым» романы бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәңгі жас шығарма. Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағлұмат табуға болады. Жарық жұлдыздай жарқырай ағып өткен қас-қағым тіршілігінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсетті. Артына көлемі шағын болса да салмақты, құнды әдеби мұра қалдырды. Оның қазақ кеңес әдебиетінде бірінші болып игерген жаңа жанрдағы шығармалары – балладалары, новеллалары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді. Ерубаев Жанғожинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырды. Сонымен қоса аудармашылықпен де шұғылданды. Ол К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударды. 1966 жылы Саттар Ерубаев атына Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді. Бүгінгі таңда Түркістан облысымен қатар Қарағанды қаласында мектеп, көше атаулары Саттар Ерубаев атымен аталады.

САТТАР ЕРУБАЕВ БЮСТІ

Қазақ халқы тарихында жұлдыздай жарқырап, ерте сөнген талантты жас ақын – Саттар Асқарұлы Ерубаевқа арналған ескерткіш бюст 2004 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің №1732 қаулысымен Саттар Ерубаев атындағы музей алдында орнатылды.