НҰРТАС ОҢДАСЫНОВ БЮСТІ

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тілші-ғалым Нұртас Оңдасыновқа арналған бюст Шардара қаласының Нұртас Оңдасынов көшесінде 2011 жылы салтанатты түрде ашылды. Бюст мыстан жасалған, тұғыры гранитпен қапталған. Жалпы тұғырымен қосқандағы биіктігі 3,8 метр.
Нұртас Дәндібайұлы (1904-1989 жж.) заманның ауыр кезеңінде 13 жыл бойы Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болды. Үкімет басына келісімен бірінші кезекте елде жүріп жатқан сауатсыздықты жоюды қолға алды. Шалғай аудандарда мұғалімдер даярлайтын курстар, училище, облыс орталықтарында Мұғалімдер институтын ашып, Орталық комитет саясатының жүзеге асуына күш салады. Қазақстан Орталық Комитетінің бюро мүшесі ретінде ол мәдениет мәселелеріне жауапты болды. Н.Оңдасынов соғыс жылдарының ауыртпалығына қарамай Абай Құнанбайұлының 95 және 100 жылдық мерейтойына жоғары деңгейде атап өту жөнінде Үкімет қаулысын шығарып, комиссияның төрағасы ретінде бас қасында болды. Қыздар педагогикалық, Ұлттық консерватория, Дене шынықтыру институты, Политехникалық, технологиялық институттар ашу және медицина, шет тілдер институттарына көптеген жаңа факультеттер қосу сол кісінің тұсында жүзеге асырылды. Опера және балет театры құрылысының жедел аяқталуын тікелей бақылап, облыстарда театрлардың ашылып, филармония, ән-би ансамбльдерінің ұйымдасуына да ұйытқы болды. КСРО Ғылым академиясының құрылуына бірден-бір атсалысқан адам. Соғыстың жүріп жатқанына қарамай жаңа ғимараттың салынуына қаражат қарастырып, оның іргесі қаланғанда ырымдап: «Қазақ ғылымы күмістей таза болсын» деп, күміс ақша шашқаны мәлім. Осы Ғылым академиясының басына Қаныш Сәтбаевтың келуіне де себепші болды. Қ.Сәтбаевтың газетке шыққан мақаласындағы болашақ ғалымның сөз саптасы ұнап, жаңа ойларын білуге, танысуға Мәскеуге шақырады. Кездесіп, сөйлескеннен кейін КСРО Ғылым академиясының президенті В.Л.Комаровқа кіріп: «Қазақтың Ғылым академиясының болашақ президенті...» – деп, бірден таныстырады. 1942 жылдың басында Кенді Алтай, Лениногорға іссапарға келген кезінде Оңдасынов білімді, байсалды Дінмұхаммед Ахметұлын кездестіреді. Алматыға келген соң, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Скворцовпен ақылдасып, өзіне орынбасарлыққа Қонаевты шақыртады. Дінмұхаммед Ахметұлы он жыл бойы Оңдасыновтың орынбасары болып қызмет атқарды. Нұртас Дәндібайұлы 1954-1955 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы, Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы және осы облыстың партия ұйымын басқарды. Жауапты қызметте жүріп, шығармашылықтан қол үзбеді. Араб және парсы тілдерін меңгерді. «1962 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін шығармашылықпен шындап айналысады. 1969 жылы «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі», 1974 жылы «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі» жарық көріп, қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленді» – дейді Д.А.Қонаев өзінің «Өтті дәурен осылай» кітабында.

НҰРТАС ОҢДАСЫНОВ БЮСТІ

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тілші-ғалым Нұртас Оңдасыновқа арналған ескерткіш бюст ҚР Үкiметiнің 2004 жылғы 10 наурыздағы N301 қаулысымен Түркістан қаласы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан Нұртас Оңдасынов кешені алдында тарихи тұлғаның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында салтанатты түрде ашылды. Бюст мыстан жасалған, тұғырымен қосқандағы биіктігі 3,20 метр.