ГЕНЕРАЛ САБЫР РАҚЫМОВ БЮСТІ

Орта Азиядан шыққан алғаш гвардия генералы, Кеңес Одағының батыры – Сабыр Омарұлы Рақымовқа арналған бюст 2012 жылы Кемербастау ауылында орнатылды. Бюст қоладан жасалған, тұғырымен қосқандағы биіктігі – 3,7 метрді құрайды.
Сабыр Омарұлы Рақымов – 1902 жылы қазіргі Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Көкібел ауылында дүниеге келген. Сегіз жасында әкесі Омар қайтыс болады. Империялық үкіметтің озбыр саясаты Омардың отбасына да әсер етпей қоймады. Әйелі Бахарайым ұлы Сабыр мен қызын алып Ташкент қаласындағы ағасы Рақымжанның үйіне қоныс аударады. Осылайша Сабыр нағашысының қолында тәрбиеленеді. 1915 жылы қарындасы, 1917 жылы шешесі Бахарайым қайтыс болады да, Сабыр балалар үйіне қабылданады.
1922 жылы әскер қатарына шақырылған Сабыр Баку қаласындағы әскери мектепке қабылданып, оны үздік тәмамдайды.
Толық оқу →

ГЕНЕРАЛ САБЫР РАҚЫМОВ БЮСТІ

Орта Азиядан шыққан алғаш гвардия генералы, Кеңес Одағының батыры – Сабыр Омарұлы Рақымовқа арналған бюст 2011 жылы Қазығұрт ауданы орталығындағы Даңқ мемориалында орнатылды. Бюст қоладан жасалған, тұғырымен қосқандағы биіктігі – 2 метрді құрайды.