АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ЕСКЕРТКІШІ

Қазақ жазба әдебиетінің һәм қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді Исламға таяна отырып әлемдік мәдениетпен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңғыртуды көздеген реформатор – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлына арналған ескерткіш 2012 жылы Жетісай ауданы әкімдігі алдында салтанатты түрде ашылды. Ескерткіштің тұғырымен қосқандағы биіктігі 6 метрді құрайды.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда қазіргі Семей облысы, Шыңғыс тауының бөктеріндегі Қарқаралы жерінде өз заманында атақ-даңқы алысқа тараған Құнанбай Өскенбайұлының екінші әйелі Ұлжаннан туған. Жас Ибраһимді анасы еркелетіп Абай деп атаған. Содан ел арасында да Абай аталып, тарихта қалды. Құнанбай мен Ұлжаннан тараған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ерекше дарыны, ақылдылығымен көзге түсті. Зеректігін байқаған әкесі оны алғаш ауылдағы Ғабитхан молдаға беріп сауатын ашқызады да 10 жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесінде білімін жалғастырады. Төрт жылдан соң қасына алдырып, ел басқарудың қыр-сырларын үйретуді бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады.
Толық оқу →

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ЕСКЕРТКІШІ

Қазақ жазба әдебиетінің һәм қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді Исламға таяна отырып әлемдік мәдениетпен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңғыртуды көздеген реформатор – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлына арналған ескерткіш 2016 жылы Келес ауданы, Абай ауылы М.Артықов көшесі бойында орнатылды. Ескерткіштің тұғырымен қосқандағы биіктігі – 5 метрді құрайды.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда қазіргі Семей облысы, Шыңғыс тауының бөктеріндегі Қарқаралы жерінде өз заманында атақ-даңқы алысқа тараған Құнанбай Өскенбайұлының екінші әйелі Ұлжаннан туған. Жас Ибраһимді анасы еркелетіп Абай деп атаған. Содан ел арасында да Абай аталып, тарихта қалды. Құнанбай мен Ұлжаннан тараған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ерекше дарыны, ақылдылығымен көзге түсті.
Толық оқу →