АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ БЮСТІ

Қазақ жазба әдебиетінің һәм қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді Исламға таяна отырып әлемдік мәдениетпен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңғыртуды көздеген реформатор – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлына арналған бюст 2007 жылы Жігерген ауыл округі, Абай Құнанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі түлектерінің демеушілігімен орнатылды. Бюстің тұғырымен қосқандағы биіктігі 3 метрді құрайды.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда қазіргі Семей облысы, Шыңғыс тауының бөктеріндегі Қарқаралы жерінде өз заманында атақ-даңқы алысқа тараған Құнанбай Өскенбайұлының екінші әйелі Ұлжаннан туған. Жас Ибраһимді анасы еркелетіп Абай деп атаған. Содан ел арасында да Абай аталып, тарихта қалды. Құнанбай мен Ұлжаннан тараған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ерекше дарыны, ақылдылығымен көзге түсті.
Толық оқу →

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ БЮСТІ

Қазақ жазба әдебиетінің һәм қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді Исламға негізделе отырып әлемдік мәдениетпен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңғыртуды көздеген реформатор – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлына арналған бюст 2004 жылы Төлеби ауданы, Кеме қалған ауыл округі, Абай елдімекені, Абай атындағы шағын жинақты мектебінің 1985 жылғы түлектерінің демеушілігімен орнатылды. Бюстің тұғырымен қосқандағы биіктігі – 3,45 метрді құрайды.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда қазіргі Семей облысы, Шыңғыс тауының бөктеріндегі Қарқаралы жерінде өз заманында атақ-даңқы алысқа тараған Құнанбай Өскенбайұлының екінші әйелі Ұлжаннан туған. Жас Ибраһимді анасы еркелетіп Абай деп атаған. Содан ел арасында да Абай аталып, тарихта қалды. Құнанбай мен Ұлжаннан тараған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ерекше дарыны, ақылдылығымен көзге түсті. Зеректігін байқаған әкесі оны алғаш ауылдағы Ғабитхан молдаға беріп сауатын ашқызады да 10 жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесінде білімін жалғастырады. Төрт жылдан соң қасына алдырып, ел басқарудың қыр-сырларын үйретуді бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай жетпісінші жылдардың басында Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салады. Халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай өлең жазуды негізінен 10 жасында бастаған («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...»). Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері – «Йузи-рәушән», екіншісі – «Физули, Шәмси», «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870-80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі – өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі – ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі – өзге тілдерден аударған өлеңдері. Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам дінін тану арқылы Шығыс елдерінің әдебиетімен жақыннан танысты, осылайша өзінің шеберлік – шалымын одан әрі шыңдады. Бір жағынан Жами, Науаи, Қожа Хафиз, Низами, Сағди, Физули сынды дарынды шығыс класииктері шығармаларымен танысса, екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И.Герцен, Н.А.Некрасов, М.Ю.Лермонтов, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов шығармаларын оқып танысты. Гете, Байрон сынды ғалымдар еңбектерін зерттеді. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дінінің негіздерін басшылыққа алып, «Алланың Өзі де рас, сөзі де рас» дей отырып, Алла Тағала – бүкіл жаратылыстың ешбір серігі жоқ Иесі екендігін халқына қара сөзбен, өлеңмен жеткізуді мақсат етті.