+0.42
Деңгейі
0.00
Күші

Бурханов Ильяс

Баба Түкті Шашты Әзіз ксенесі



Созақ ауданы Құмкент ауылының маңындағы Жылыбұлақ жерінде орналасқан құнды саналатын тарихи мұнаралардың бірі – Баба түкті Шашты Әзіз исі қазақ жұрты қиын-қыстауда табынатын, жаны қиналса түсінде аян беретін, жауға шапқанда ұрандататын киелі әулие болған. Бабата күмбезі Қаратаудың солтүстік-шығысында, Қызылкөлдің жағасында тұр. Әулиенің жатқан жері үлкен қорымға айналған.
Толық оқу →

Домалақ Ана кесенесі



Домалақ ананың шын есімі – Нұрила. Ол ел ұранына айналған абыз аналардың бірі, түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Домалақ ана 1378 жылы Түркістан қаласында өмірге келген. Кесенесі бастапқыда 1456 жылы күмбездері бар 4 қабырғалық мазар түрінде салынған. Құрылыс бірнеше рет қайтадан салынып, қазіргі уақытқа оның бастапқыдағы кейпі жетпеген. Кесене қазіргі кейпіне 1996 жылы сәулетші С. Тоқтамыстың жобасы бойынша күрделі қалпына Маңғыстаудан әкелінген ақ тастардан қалау жасалынған. Домалақ Ана кесенесінің сегізқабаттық күмбезі негізгі құрылыс үстінде орналасқан. Мазардың іші-сырты салынып, ақталған. Мазарға кіретін есіктегі қабырғада қазақ тілінде жазу бар: «Ақсұлтан қызы, Бабыжар Ұлы Ана құрметіне салынған ескерткіш». Әулие ананың қасиетін қастерлеген ұрпағының ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген емес.
Толық оқу →

Бәйдібек би кесенесі



Қарашаұлы Бәйдібек (VI-VII ғғ.) – Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ұрпақтарының айтуынша, туған жері Ташкент. Қарату өлкесінде өмір сүрген. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы, қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи тұлға болған. Ел ішіндегі қария сөздер – ауызша тарихнама бойынша, Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі. Бәйдібек би жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ұлы жүзге ұйытқы. Ел болып ұйысуына ықпал еткен. Ел халқына жайлау таңдау мақсатымен Қаратаудың құйқалы күнгейі мен Боралдай, Қазығұрт тауының шұрайлы жерлеріне көшіп жүрген. Ел аузында Бәйдібек бабаның некелеп алған үшінші жары Нұриланың Қыдыр дарып, бақ қонған асыл текті Домалақ анаға айналғаны туралы шежірелі әңгімелер көп сақталған.
Толық оқу →

Ысмайыл ата сәулет кешені


Ысмайыл ата сәулет кешені Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында орналасқан. ортағасырлық ірі архитектуралық кешенді ескерткіш сақталған. Соның бірі әрі ең ірісі – «Ысмайыл ата» архитектуралық сәулет кешені. Бұл кешен Ысмайыл ата кесенесі, Жәбірейіл ата кесенесі, Қошқар ата кесенесі секілді бірнеше кесенелерден және ортағасырлық мешіттен, сопы дәуріштерден шілдеханасынан, қақпадан тұрады. Архитектуралық кешеннің басты өзегі — Ысмайыл ата кесенесі. Кесене Х-ХІ ғасырларда ғұмыр кешкен исламдық сопылық ағымының көрнекті өкілі, шейх – Ысмайыл атаға арнап салынған. Кесененің алғашқы салынған мерзімі ХІ ғасырға жатады. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Тимуридтер династиясының заманында кесене қайта тұрғызылып, архитектуралық кешенге айналған. Ысмайыл ата Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген сопылық исламды насихаттарған әулие кісі болған екен. Ол әулие кісі туралы жергілікті тұрғындар арасында аңыз-әңгімелер көп.
Толық оқу →

Қарашаш ана кесенесі



Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын-үй алабының орталық бөлігінде орналасқан. Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың мұндай түрі кейінгі орта ғасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Кесене төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына ағаш пен саз балшық пайдаланылыпты. Сапалы материалдарды қолдана отырып, ерекше ұқыптылықпен, ыждахаттылықпен тұрғызылған кесененің салынғанына екі ғасыр уақыт өтсе де ескерткіш сол күйі сақтаулы тұр. Тіпті, құрылыс жұмыстарына қолданылған ағаш бөлшектер мен ағаштан ойылған ою-өрнек те шірімеген.
Толық оқу →

Ибраһим ата кесенесі



Қазақстан мәдениеті мен тарихының архитектуралық ескерткіші болып саналатын Ибраһим ата кесенесі сәулет өнерінің ерекше туындысы. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданының солтүстік-батыс шетіндегі биік төбеде, Ақсу ауылына баратын жолдың бойында орналасқан. Кесене иесі – Оңтүстік Қазақстан жерінде сопылық ілімді таратқан, әулиелік, бақсылық қасиеттері, табиғаттан берілген тылсым күштері үшін халық табынған тұлға. Орта ғасырларда ислам дінін насихаттау орталықтарының біріне айналған көне Сайрамда көптеген діни ғұламалар, ұстаздар пайда болған еді. Солардың бірі – атақта Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим ата мыңдаған мүриттерге ұстаздық қылған. Діни көсем, әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, әрі табысты жер өңдеуші еді. Халық арасында оның әулиелігі мен уағызшы қабілеті жайлы түрлі аңыздар тараған. Ибраһим ата мұқтаж адамдарға көмектесіп, тақуалық өмір сүрді және мыңдаған ізбасарларға ислам дінін уағыздады.
Толық оқу →

Арыстан баб кесенесі



Кесене Қожа Ахмет Ясауидің рухани ұстазы болған діни қайраткер, аты аңызға айналған ұлы тұлға Арыстан бабтың жерленген жеріне салынған. Арыстан баб – Отырар, Сайрам, Түркістан (Ясы) жеріндегі сопылардың рухани ұстазы. Аңыз бойынша, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) аманатын, құрманы 400 жыл сақтап, Қожа Ахмет Ясауиге тапсырған адам. Ясауи ұстазынан діни ілім үйреніп, 16 жыл қасында мүрит болған, қызмет қылған деседі.
Толық оқу →

«Әзірет сұлтан» тарихи-мәдени кешені


«Әзірет-сұлтан» тарихи-мәдени кешені-ақын, ислам дінінің көрнекті жазушысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясаудің құрметіне арнап Әмір Темір салдырған кесене (хакана) негізінде Түркістан қаласында 1991 жылы ашылған. Бүкіл түркі жұртының, мұсылман қауымының қадір тұтатын киелі орны. Қорық мұражай Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен бірге Үлкен қылует( жерасты мешіті, ХІІ ғасыр), Әулие Құмшық ата қылуеті (ХІІ ғасыр), Сегіз қырлы кесене (ХҮІ-ХҮІ ғасырлар), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (ХҮ ғасырлар ), Есім хан кесенесі (ХҮІІ ғасыр), т.б. археологиялық, тарихи сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды.
Сонымен қатар бұл қорымда қазақ халқының ардақ тұтқан кемеңгер адамдары, мемлекет қайраткерлері, елі үшін ерлік өмір сүрген қас батырлар жерленген.

Толық оқу →