+0.42
Деңгейі
0.00
Күші

Бурханов Ильяс

Бірлік-Ордабасы мемориалды кешені



1726 жылы Ордабасы тауында жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына Әбілөайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар мен Төле би, Қазыбек би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді және елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын жасады. Осы жолғы қазақтың үш жүзінің тізе біріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты – Білеуті шайқасы мен 1729-1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Ордабасы тауындағы тарихи жиынды мәңгі есте сақтау мақсатында 1997 жылы орнатылған «Бірлік» монументінің ашылу салтанатына Елбасы Н. Назарбаев қатысты. Үш бұрышындағы үш ұстыны – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің асқақ тұлғаларын білдіреді. Үш бидің ұлағатты сөздері үш бетінен орын алған.
Толық оқу →

ТАҢБАЛЫ ТАС ЕСКЕРТКІШІ



Созақ өңірінде тарихи-мәдени ескерткіштер көп. Таңбалы тас туралы тұжырым қазақтың дара ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбаларынан табылған. «Бетпақ шөлінде таңбалы Нұра деген жер бар еді. Сонда тасқа басылған таңбалар бар. Үш жүздің баласы қазақтың таңбаларында талас болса, сол тасқа барып қарасады. Алаша ханның жарлығымен басылған таңба деседі», — депті шежіреші. Әлкей Марғұланның жазбаларында да да таңбалы тас туралы деректер бар. Ол: «Қазақ сахарасындағы мәдениеттің бір жарқын түрі – тарихи дәуірлерде осы араны қоныстап келген тайпалардың тас бетіне қалдырған белгілері», — деп жазады. Осы орайда таңбалы тасты 1840 жылы ресейлік ғалым А.И. Шренк зерттегені еске оралады.
Толық оқу →

Сауран қалашығы


Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Ортағасырлық Сауран қаласының Дала мәдениеті мен Орталық Азия қалаларының мәдениеті түйіскен жерде орналасқан «сауда-саттық айлағы», әрі Жібек жолы бойындағы маңызды торап ретінде Қазақстан тарихында алар орны ерекше. Сауран қаласы жайлы ортағасырлық деректерде көптеген мәліметтер кездеседі. Қаланың тарихы екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі моңғол шапқыншылығына дейінгі ҮІ – ХІІІ ғасырларды қамтыса, екінші кезеңі ХІҮ – ХҮІІІ ғасырларды алып жатыр.
Толық оқу →

ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ


Оңтүстік Қазақстан аумағында, Арыс өзенінің Сырдарияға барып құяр жеріндегі жазирада ірге тепкен Отырар қаласы – тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб аттарымен белгілі қала орны. Отырар орта ғасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ астанасы ретінде кеңінен танымал. Отырар орнында елді мекеннің пайда болуы біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына сәйкес келеді.
Толық оқу →

СОЗАҚ ҚАЛАШЫҒЫ



Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихында елеулі орын алған Созақ қаласының орны Қаратаудың теріскей беткейіндегі қазіргі Созақ ауылының жерінде жатыр. Созақ – Қазақ хандығының ең бірінші астанасы болған қала. 1465-1469 жылдар аралығында Керей мен Жәнібектің ордалары осы қалада тігілген екен. Әбілқайыр ханның ханның өлімінен соң басталған билік үшін таласта Созақ қаласынан хан ордасы көшірілген. Осыдан-ақ екі мың жылдық тарихы бар бұл қаланың ерекше мәнге ие болғанын көреміз.
Толық оқу →

Қазығұрт тау кешені



«Киелі тау, «жержүзілік топан су», Нұх пайғамбардың кемесі» жөнінде әлемдік мифологияда көптеген діни аңыз-әпсана бар. Олар негізінен иудейлік, христиандық, исламдық түпнұсқалардан тараған. Исламдық пареллель негізіндегі «Қазығұрттың басында кеме қалған» деген қазақы мифологиялық нұсқаның өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл аңыз әрбір қазақ баласының жадында терең орнығып қалған және қазақ халқының ежелгі санасы әлемдік өркениеттен тыс қалмағанын айғақтайды.
Толық оқу →

Хақназар хан кесенесі


Хақназархан кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылынан 6 шақырым оңтүстікте орналасқан. Хақназар хан қазақ хандығының 1538-1580 жылдардағы қазақ хандарының ішіндегі ең ұзақ билеген төртінші ұлы хан болып саналады. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл билеген хан болған емес. Ол қазақ хандығының 42 жыл билепті.
Толық оқу →

Есімхан кесенесі



Есім хан кесенесі – Түркістан қаласында ХҮІІ ғасырдан сақталған архитектуралық ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің батыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 12 м жерде орналасқан. Кесене қазақ хандығының ханы Есім хан қабірінің басына тұрғызылған.
Толық оқу →

Гауһар Ана кесенесі



Гауһар ана кесенесі (XII-XIV ғғ.) Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан – Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан. Ені 20 метрге жуық кішкене төбе болып келеді. Алғашқы қабыр орны бұзылып кеткен, шатыры жоқ, төрт құлақты дуалдан тұрады. 1990 жылдары қабыр жанынан зиратшыларға арналған үш бөлмелі құрылыс тұрғызылған.
Толық оқу →

Аппақ ишан мешіті



Түркістан қаласынан ағайынды ишандар – Қосым және Құлатай деген арабша көп оқыған, ислам діні жөнінде жеткілікті білімі бар кісілер Шаян ауылына келеді (Бәйдібек ауданының орталығы). Олардың мақсаты қарапайым қазақ бабаларының сауатын ашып, ислам діні арқылы қалың елді сабырлыққа шақырып, имандылыққа ұйыту болатын.
Толық оқу →