+1.13
1 reader, 23 topics

Хақназар хан кесенесі


Хақназархан кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылынан 6 шақырым оңтүстікте орналасқан. Хақназар хан қазақ хандығының 1538-1580 жылдардағы қазақ хандарының ішіндегі ең ұзақ билеген төртінші ұлы хан болып саналады. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл билеген хан болған емес. Ол қазақ хандығының 42 жыл билепті.
Толық оқу →

Есімхан кесенесі



Есім хан кесенесі – Түркістан қаласында ХҮІІ ғасырдан сақталған архитектуралық ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің батыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 12 м жерде орналасқан. Кесене қазақ хандығының ханы Есім хан қабірінің басына тұрғызылған.
Толық оқу →

Гауһар Ана кесенесі



Гауһар ана кесенесі (XII-XIV ғғ.) Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан – Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан. Ені 20 метрге жуық кішкене төбе болып келеді. Алғашқы қабыр орны бұзылып кеткен, шатыры жоқ, төрт құлақты дуалдан тұрады. 1990 жылдары қабыр жанынан зиратшыларға арналған үш бөлмелі құрылыс тұрғызылған.
Толық оқу →

Аппақ ишан мешіті



Түркістан қаласынан ағайынды ишандар – Қосым және Құлатай деген арабша көп оқыған, ислам діні жөнінде жеткілікті білімі бар кісілер Шаян ауылына келеді (Бәйдібек ауданының орталығы). Олардың мақсаты қарапайым қазақ бабаларының сауатын ашып, ислам діні арқылы қалың елді сабырлыққа шақырып, имандылыққа ұйыту болатын.
Толық оқу →

Баба Түкті Шашты Әзіз ксенесі



Созақ ауданы Құмкент ауылының маңындағы Жылыбұлақ жерінде орналасқан құнды саналатын тарихи мұнаралардың бірі – Баба түкті Шашты Әзіз исі қазақ жұрты қиын-қыстауда табынатын, жаны қиналса түсінде аян беретін, жауға шапқанда ұрандататын киелі әулие болған. Бабата күмбезі Қаратаудың солтүстік-шығысында, Қызылкөлдің жағасында тұр. Әулиенің жатқан жері үлкен қорымға айналған.
Толық оқу →

Домалақ Ана кесенесі



Домалақ ананың шын есімі – Нұрила. Ол ел ұранына айналған абыз аналардың бірі, түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Домалақ ана 1378 жылы Түркістан қаласында өмірге келген. Кесенесі бастапқыда 1456 жылы күмбездері бар 4 қабырғалық мазар түрінде салынған. Құрылыс бірнеше рет қайтадан салынып, қазіргі уақытқа оның бастапқыдағы кейпі жетпеген. Кесене қазіргі кейпіне 1996 жылы сәулетші С. Тоқтамыстың жобасы бойынша күрделі қалпына Маңғыстаудан әкелінген ақ тастардан қалау жасалынған. Домалақ Ана кесенесінің сегізқабаттық күмбезі негізгі құрылыс үстінде орналасқан. Мазардың іші-сырты салынып, ақталған. Мазарға кіретін есіктегі қабырғада қазақ тілінде жазу бар: «Ақсұлтан қызы, Бабыжар Ұлы Ана құрметіне салынған ескерткіш». Әулие ананың қасиетін қастерлеген ұрпағының ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген емес.
Толық оқу →

Бәйдібек би кесенесі



Қарашаұлы Бәйдібек (VI-VII ғғ.) – Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ұрпақтарының айтуынша, туған жері Ташкент. Қарату өлкесінде өмір сүрген. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы, қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи тұлға болған. Ел ішіндегі қария сөздер – ауызша тарихнама бойынша, Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі. Бәйдібек би жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ұлы жүзге ұйытқы. Ел болып ұйысуына ықпал еткен. Ел халқына жайлау таңдау мақсатымен Қаратаудың құйқалы күнгейі мен Боралдай, Қазығұрт тауының шұрайлы жерлеріне көшіп жүрген. Ел аузында Бәйдібек бабаның некелеп алған үшінші жары Нұриланың Қыдыр дарып, бақ қонған асыл текті Домалақ анаға айналғаны туралы шежірелі әңгімелер көп сақталған.
Толық оқу →

Ысмайыл ата сәулет кешені


Ысмайыл ата сәулет кешені Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында орналасқан. ортағасырлық ірі архитектуралық кешенді ескерткіш сақталған. Соның бірі әрі ең ірісі – «Ысмайыл ата» архитектуралық сәулет кешені. Бұл кешен Ысмайыл ата кесенесі, Жәбірейіл ата кесенесі, Қошқар ата кесенесі секілді бірнеше кесенелерден және ортағасырлық мешіттен, сопы дәуріштерден шілдеханасынан, қақпадан тұрады. Архитектуралық кешеннің басты өзегі — Ысмайыл ата кесенесі. Кесене Х-ХІ ғасырларда ғұмыр кешкен исламдық сопылық ағымының көрнекті өкілі, шейх – Ысмайыл атаға арнап салынған. Кесененің алғашқы салынған мерзімі ХІ ғасырға жатады. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Тимуридтер династиясының заманында кесене қайта тұрғызылып, архитектуралық кешенге айналған. Ысмайыл ата Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген сопылық исламды насихаттарған әулие кісі болған екен. Ол әулие кісі туралы жергілікті тұрғындар арасында аңыз-әңгімелер көп.
Толық оқу →

Қарашаш ана кесенесі



Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын-үй алабының орталық бөлігінде орналасқан. Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың мұндай түрі кейінгі орта ғасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Кесене төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына ағаш пен саз балшық пайдаланылыпты. Сапалы материалдарды қолдана отырып, ерекше ұқыптылықпен, ыждахаттылықпен тұрғызылған кесененің салынғанына екі ғасыр уақыт өтсе де ескерткіш сол күйі сақтаулы тұр. Тіпті, құрылыс жұмыстарына қолданылған ағаш бөлшектер мен ағаштан ойылған ою-өрнек те шірімеген.
Толық оқу →