+1.13
1 reader, 23 topics

Ұзын ата кесенесі ХІХ-ХХ ғ.ғ.



Кесене порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Күйдірілген шаршы пішіндес кірпіштен қаланған. Күмбезі 8 қырлы барабанға орналастырылған. Мазардың шығыс бөлігінде жоғары шығатын баспалдақ, ал батыс бөлігінде шағын бөлме бар. Кіре берісі П әрпі тәріздес болып көркемделіп, есіктің үсті сүйірленіп келген аркамен әшекейленген.

Порталдың төменгі жағында араб харіпімен 778 х. жылы (1377) қайтыс болған Дүрманның ұлы Шермұхаммед Халім жерленгені жайлы жазылған. Мазардың ортасында ұзын 5 м болатын сағана (қабіртас) жатыр. Осыған қарап, жергілікті тұрғындар “Ұзын ата” мазары деп атап кеткен болуы керек. Бүгінгі таңда кесене қайта қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді.

Әлқожа ата кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғ.

әлқожа

Әлқожа ата кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғ.

Кесене Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен 2,5 шақырым шығыста орналасқан. ХІІ-ХІІІ ғасырлар шамасында салынған кесененің негізгі құрылысынан тек қана құлпытас сақталған. 1998-1999 жылдары кесенеге «Казреставрация» мекемесі тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.
Екі күмбезді кесене қабірханадан, зияратханадан және мешіт бөлмесінен тұрады. Құлпытасы қойылған қабірханада 5 қабір белгіленген. Олар атаның балаларының қабірлері деген дерек бар. Ел аузындағы аңыздар мен хикаяларда Әлқожа ата Қожа Ахмет Яссауидің күйеу баласы, яғни Гауһар ананың жолдасы болғандығы, өз заманында ілімділігі мен әділеттілігінің, ақиқаттың ақ туын берік ұстаған ғұламалығының арқасында әулие дәрежесіне жеткендігі айтылады.

Жергілікті халық атаны «Әли Хожа» немесе «Әли Хожа Әмір Диуана (Мәжнүн)» деп те атайды. Бүгінгі таңда Әлқожа атаның қабірі басына тұрғызылып, қайта қалпына келтірілген кесене зиярат орны мен мешіт қызметін қоса атқаратын орынға айналған.

Кесене орналасқан жерінің географиялық координаты 43.290474, 68.285559.

Имам Марқозы (Көктонды әулие) кесенесі, ХІХ ғ.

марқозы, түркістан, кентау, кесене
Имам Марқозы кесенесі ХІХ ғасырда шикі кірпіштен салынған дәстүрлі сәулеттік құрылыстардың бірі. Түркістан қаласы, Ясы ауыл әкімшілігіне қарасты Еңбекші дихан ауылы шетіндегі қорымда орналасқан. Қорымды жергілікті халық «Көктонды ата әулие қорымы» деп атайды.

Кесене қорым ішіндегі биіктеу төбеге орналасқан. Кесененің жалпы көлемі 10 х 12 метр, алдындағы 4 метрлік алаңы цементтелген. Кірер есігі алдында оң мен солға жүретін бір метрлік кіші дәліз бар. Оң дәлізбен жүріп айналмалы баспалдақ арқылы төбеге шығады, сол қанаттағы дәліз арқылы 4 х 3 метрлік бөлмеге, одан 6 х 3 метрлік тілеуетханаға өтеді. Тілеуетхана бөлмесінің ортасына 1,0 х 0,90 метрлік темір торлы терезе қойылған. Терезе арқылы Имам Марқозының қабірі қойылған қабірхана бөлмесі көрінеді. Көктонды атаның өз аты туралы ел ішінде екі түрлі пікір қалыптасқан. Бірі – Имам Марқозы (Марғұзи, Мерғазы, Мәруази). Екіншісі – Баба Машин. Аңыз-хикаяларда Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи заманында өмір сүріп, ол кісінің зікіршісі болыпты әрі осы өңірге Ислам дінін насихаттап, ел ішінде емшілікпен айналысқан таза жан болыпты деседі. Аяғына кебіс, үстіне үнемі көк тон киіп жүруіне байланысты Көктонды ата атанып кетіпті.

Аппақ ишан мешіт-медресесі


35. Аппақ-Ишан сәулет кешені (мешіт, медресе, дәрісхана) ХІХ ғ.
Мешіт-медресе құрылысы 1840 жылдары бастау алып діни оқу орны ретінде 1927 жылға дейін қызмет еткен. Кешен құрылысына: медресе, мешіт, дәрісхана кіреді.Алғашқы кезде көптің көмегімен асарлатып осы мешіттің орнына қам кірпіштен шағын ғана мешіт тұрғызылған. Шаян ауылынан мешіт-медресе ашылғанын естіген халық, жан-жақтан ағыла бастайды. Шағын мешітте шәкірт тәрбиелеу үшін кең бөлмелер қажет болғандықтан, Қосым ишанның баласы Сейдахмет патша ағзамның шенеуніктеріне қайта-қайта барып жүріп, күйдірілген қыштан мешіт медресе тұрғызуға 150 рубль орыс ақшасын бөлдіріп, рұқсат алады. Сондай-ақ, жергілікті халықтың жинаған қаржысымен қоса мешіт-медресенің үш комплексті құрылысы басталып, бірнеше жылдарға созылған. Мешіт-медресе құрылысын Қосым баба бастап, баласы Сейдахмет жалғастырып, немересі Аппақ ишан аяқтайды.Аппақ Ишан медресесі (П) әрпі тәрізді орналасқан. Медресе 32 бөлмеден: 4 оқу бөлмесі, 3 дәліз, 25 құжырадан (бөлме) тұрады. Медресе бір қабатты, жалпы көлемі 50х50 м, бөлмелердің көлемі 3х6 м. Әр бір бөлменің кіре берісі арка болып соғылған. Бөлмелердің есіктері ағаштан, есіктердің үстінде кішкентай терезелері бар.«Мәдени-мұра» бағдарламасы аясында сәулет кешеніне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.
35. Архитектурный комплекс Аппак Ишан (мечеть, медресе, аудитория) XIX век. де
Строительство мечеть-медресе началось с 1840-х годов, служил до 1927 года в качестве религиозного учебного заведения. Комплекс включает в себя: медресе, мечеть, учебную комнату.Вначале, с помощью населения, на место этой мечети был построен небольшая мечеть из сырого кирпича. узнав об открытии сельской мечети-медресе в селе Шаян, населения со всех сел начали приходить. Для подготовки учеников в маленькой мечети было необходимо иметь широкие помещения, сын Косым ишана Сейдахмет в результате неоднократных поездок к сотрудникам Царя добивается разрешения на строительство мечети-медресе из жженого кирпича и выделения для этой цели 150 рублей. Включаю к этой сумме те средства, собранные местным населением, начинается строительство трех комплексного мечети-медресе. Работа продолжится на несколько лет. Строительствл мечети-медресе начал Косым баба продолжил сын Сейдазхмет и заканчивает внук Аппак ишан.Медресе Аппак Ишан расположен в виде буквы ( П ). Медресе состоит из 32-х помещений: 4 учебные классы, 3-х коридора, 25-и комнат qujıradan (3). Медресе одноэтажное, общая площадь 50х50 м, 3х6 м. Вход в каждое помещение построен в форме арки. Деревянные двери с маленькими окнами над дверьми номеров.
«Культурное наследие» В рамках программы < культурное наследие> на архитектурного комплекса была проведена. реставрационная работа

35. Architectural complex Appak Ishan (mosque, madrasah, auditorium). XIX century. The construction of the mosque-madrasah began in the 1840s, served until 1927 as a religious educational institution. The complex includes: a madrasah, a mosque, a study room.
At first, with the help of the population, a small mosque was built in the place of this mosque from raw bricks. Having learned about the opening of a rural mosque-madrasah in the village of Shayan, the population from all villages began to come. To prepare pupils in a small mosque, it was necessary to have wide premises, the son of Kosym Ishan, Seydakhmet as a result of repeated trips to the Tsar's staff succeded the permission to build a mosque-madrasah from burnt bricks and allocate 150 rubles for this purpose. Including to this amount those funds collected by the local population, the construction of three complex mosque-madrasah takea a star. The work continued for several years. Construction of the mosque-madrassah began Kosym baba continued his son Seidazhmet and ended grandson Appak ishan.
Madrasah Appak Ishan is located in the form of a letter (P-russian letter П). Madrasah consists of 32 rooms: 4 reading rooms, 3 corridors, 25 other premises. The madrasah is one-storeyed; the total area is 50х50 m, 3х6 m. The entrance to each room is built in the form of an arch.The doors of rooms are made of wood and there are small windows on top parts of them.
Within the framework of the «cultural heritage» program, restoration work on architectural complex was carried out.

Бірлік-Ордабасы мемориалды кешені



1726 жылы Ордабасы тауында жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына Әбілөайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар мен Төле би, Қазыбек би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді және елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын жасады. Осы жолғы қазақтың үш жүзінің тізе біріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты – Білеуті шайқасы мен 1729-1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Ордабасы тауындағы тарихи жиынды мәңгі есте сақтау мақсатында 1997 жылы орнатылған «Бірлік» монументінің ашылу салтанатына Елбасы Н. Назарбаев қатысты. Үш бұрышындағы үш ұстыны – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің асқақ тұлғаларын білдіреді. Үш бидің ұлағатты сөздері үш бетінен орын алған.
Толық оқу →

ТАҢБАЛЫ ТАС ЕСКЕРТКІШІ



Созақ өңірінде тарихи-мәдени ескерткіштер көп. Таңбалы тас туралы тұжырым қазақтың дара ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбаларынан табылған. «Бетпақ шөлінде таңбалы Нұра деген жер бар еді. Сонда тасқа басылған таңбалар бар. Үш жүздің баласы қазақтың таңбаларында талас болса, сол тасқа барып қарасады. Алаша ханның жарлығымен басылған таңба деседі», — депті шежіреші. Әлкей Марғұланның жазбаларында да да таңбалы тас туралы деректер бар. Ол: «Қазақ сахарасындағы мәдениеттің бір жарқын түрі – тарихи дәуірлерде осы араны қоныстап келген тайпалардың тас бетіне қалдырған белгілері», — деп жазады. Осы орайда таңбалы тасты 1840 жылы ресейлік ғалым А.И. Шренк зерттегені еске оралады.
Толық оқу →

Сауран қалашығы


Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Ортағасырлық Сауран қаласының Дала мәдениеті мен Орталық Азия қалаларының мәдениеті түйіскен жерде орналасқан «сауда-саттық айлағы», әрі Жібек жолы бойындағы маңызды торап ретінде Қазақстан тарихында алар орны ерекше. Сауран қаласы жайлы ортағасырлық деректерде көптеген мәліметтер кездеседі. Қаланың тарихы екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі моңғол шапқыншылығына дейінгі ҮІ – ХІІІ ғасырларды қамтыса, екінші кезеңі ХІҮ – ХҮІІІ ғасырларды алып жатыр.
Толық оқу →

ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ


Оңтүстік Қазақстан аумағында, Арыс өзенінің Сырдарияға барып құяр жеріндегі жазирада ірге тепкен Отырар қаласы – тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб аттарымен белгілі қала орны. Отырар орта ғасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ астанасы ретінде кеңінен танымал. Отырар орнында елді мекеннің пайда болуы біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына сәйкес келеді.
Толық оқу →

СОЗАҚ ҚАЛАШЫҒЫ



Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихында елеулі орын алған Созақ қаласының орны Қаратаудың теріскей беткейіндегі қазіргі Созақ ауылының жерінде жатыр. Созақ – Қазақ хандығының ең бірінші астанасы болған қала. 1465-1469 жылдар аралығында Керей мен Жәнібектің ордалары осы қалада тігілген екен. Әбілқайыр ханның ханның өлімінен соң басталған билік үшін таласта Созақ қаласынан хан ордасы көшірілген. Осыдан-ақ екі мың жылдық тарихы бар бұл қаланың ерекше мәнге ие болғанын көреміз.
Толық оқу →

Қазығұрт тау кешені



«Киелі тау, «жержүзілік топан су», Нұх пайғамбардың кемесі» жөнінде әлемдік мифологияда көптеген діни аңыз-әпсана бар. Олар негізінен иудейлік, христиандық, исламдық түпнұсқалардан тараған. Исламдық пареллель негізіндегі «Қазығұрттың басында кеме қалған» деген қазақы мифологиялық нұсқаның өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл аңыз әрбір қазақ баласының жадында терең орнығып қалған және қазақ халқының ежелгі санасы әлемдік өркениеттен тыс қалмағанын айғақтайды.
Толық оқу →