Ысмайыл ата сәулет кешені


Ысмайыл ата сәулет кешені Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында орналасқан. ортағасырлық ірі архитектуралық кешенді ескерткіш сақталған. Соның бірі әрі ең ірісі – «Ысмайыл ата» архитектуралық сәулет кешені. Бұл кешен Ысмайыл ата кесенесі, Жәбірейіл ата кесенесі, Қошқар ата кесенесі секілді бірнеше кесенелерден және ортағасырлық мешіттен, сопы дәуріштерден шілдеханасынан, қақпадан тұрады. Архитектуралық кешеннің басты өзегі — Ысмайыл ата кесенесі. Кесене Х-ХІ ғасырларда ғұмыр кешкен исламдық сопылық ағымының көрнекті өкілі, шейх – Ысмайыл атаға арнап салынған. Кесененің алғашқы салынған мерзімі ХІ ғасырға жатады. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Тимуридтер династиясының заманында кесене қайта тұрғызылып, архитектуралық кешенге айналған. Ысмайыл ата Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген сопылық исламды насихаттарған әулие кісі болған екен. Ол әулие кісі туралы жергілікті тұрғындар арасында аңыз-әңгімелер көп.
Мешіт шағын ауланы қоршай шеберлене бытырай орналасқан бірнеше мазаран тұрады. Бұл құрылыстардың айналасын қазіргі кездегі зиараттар басқан, мешіттің алдында гүлзар жеміс ағаштары мен жүзім өсірілген бақ бар. Кешен аумағы бір кезде қоршаулы болған. Бүгінде бұл қоршаудан архитектуралық ескерткіш болып табылатын қақпалар ғана қалған. Архитектуралық кешенге 2003 жылы реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, біршама жөндеу жұмыстары жүргізілген.Оған дейінгі құрылыстың куйі өте мүшкіл болған. Мешіттің солтүстік-шығыс бұрышы құлап түсіп, мазарлардың кейбіреуі мүлде қирап, олардың қабырғалары ғана сақталған еді. Алғаш салынғанда 9 күмбезді болған мешіт Кеңес үкіметі жылдары жабылғаннан кейін төбесі жарамсыз болып қалғандықтан, қайта тұрғызуға мүмкіндік болмады да бір күмбездік болып жасалынды. Мешіт көлемі -572 шаршы метр. Қазір 800 орындық мешітте бес уақыт намаз өтелуде. Ысмайыл ата сәулет кешенінің жанында оның ұлы Ысқақ ата кесенесі бар. Ысқақ ата Х-ХІ ғасырларда ғұмыр кешкен исламдық сопылық ағымның көрнекті өкілі болған. Кесененің алғасқы салынған мерзімі ХІІІ ғасырға жатады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы архитектуралық кешендегі белгісіз кесененің біреуі ХҮ ғасырда өмір сүрген, өзбек жазба әдебиеттерінің негізін салушы Науаидың ұстазы, сопылық ағымның ақыны – Мәулана Шейхзада Атаиге арнап салынған екен. Архитектуралық кешен 1976 жылы мемлекеттің қамқорлығына алынып, тарихи-мәдени ескерткіш тізіліміне енгізілген.Көнеден жеткен деректер бойынша Ысмайыл атаның басына орнатылған кесенені Әмір Темір салдырған деседі. Оның қасында Жәбірейілдің кесенесі бар. Ысмайыл ата Ахмет Ясауидің немере інісі болып келеді.

0 comments

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.