Ұзын ата кесенесі ХІХ-ХХ ғ.ғ.



Кесене порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Күйдірілген шаршы пішіндес кірпіштен қаланған. Күмбезі 8 қырлы барабанға орналастырылған. Мазардың шығыс бөлігінде жоғары шығатын баспалдақ, ал батыс бөлігінде шағын бөлме бар. Кіре берісі П әрпі тәріздес болып көркемделіп, есіктің үсті сүйірленіп келген аркамен әшекейленген.

Порталдың төменгі жағында араб харіпімен 778 х. жылы (1377) қайтыс болған Дүрманның ұлы Шермұхаммед Халім жерленгені жайлы жазылған. Мазардың ортасында ұзын 5 м болатын сағана (қабіртас) жатыр. Осыған қарап, жергілікті тұрғындар “Ұзын ата” мазары деп атап кеткен болуы керек. Бүгінгі таңда кесене қайта қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді.

0 comments

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.