Хақназар хан кесенесі


Хақназархан кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылынан 6 шақырым оңтүстікте орналасқан. Хақназар хан қазақ хандығының 1538-1580 жылдардағы қазақ хандарының ішіндегі ең ұзақ билеген төртінші ұлы хан болып саналады. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл билеген хан болған емес. Ол қазақ хандығының 42 жыл билепті. Ел басқару, қиын-қыстау, әскери саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. 1523-1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ – қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназархан «Қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алау әрекетіне тайтарыс берді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ мен қазақ ханы Хақназар « қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде « аннастық шарт» жасасты. Хақназар хандық құрған дәурде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар туды. Қазақ хандығы Мәскеумен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым қатынас жасады. Қазақ хандығының аралық өтуімен Мәскеу Түркістандағы өзбек хандықтарымен байланысты жолға қойды. Ресеймен қатынастарында Хақназар хан әкесі Қасымның жолын ұстанды. Патша мұрағатының тізбесінде ІІІ Иванның Қасым ханмен байланыс жасағаны тіркелген. Хақназар хан Қасымханның өлімінен кейін ыдыраған Қазақ хандығын біріктіре алды, оның билігінің соңына таман хандық шекарасы батыста Жайық бойымен, солтүстікте Есіл, Нұрамен, шығыста Шыңғыстаумен, Балқашпен және Шу өзенімен өтті, оңтүстікте қазақ иегілігі Ташкентте таянды. Хан тұсында ноғай, башқұрттардың біраз бөлігі қазақ хандығына қарады. Сыртқы жағдайларды ел мүддесіне пайдалана білді. Хақназар хан Қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді.

0 comments

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.