Есімхан кесенесі



Есім хан кесенесі – Түркістан қаласында ХҮІІ ғасырдан сақталған архитектуралық ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің батыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 12 м жерде орналасқан. Кесене қазақ хандығының ханы Есім хан қабірінің басына тұрғызылған. Кесене қирап, бұзылған қалпында ғана жеткен. Ол 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында қираса керек. Кесене күйдірілген кірпіштен төртбұрышты (9х9 м) етіліп өрілген. Негізгі қасбеті портал түрінде болып келеді. Қасбеттері жылтыр қалақтаспен геометриялық ою-өрнектер түрінде әшекейленген. Оңтүстік-шығыс жағында кесенеге кіретін есік бар. Сақталған қабырғасының енінің 1,2 м болуы да биік күмбезді көтеруге шыдайтындығын көрсетеді. Еденіне төртбұрышты күйдірілген кірпіш төселген. Кесененің сақталған бөлігі 2000 жылы қайта жөнделді. Жоңғардың соғыс әлеуеті күшеюі оларда қазақ сияқты малмен күнелткен, бірақ жайылымы тар, ат құлағында ойнайтын тегеурінді ерлері мол көшпелі нәсіл болған. «Ресей жоңғарлармен елшілік байланыс орнатып, торғауыт дүрбіт, хошауыт сияқты іргелі тайпаларына Еділ бойынана қоныс беруі қазақ пен қалмақ арасындағы жүз жылдық соғыстың отын тұтатыуға себепші болды. Екіге бөлінген жоңғар-қалмақтың арасында керіліп жатқан Қазақ даласы кешікпей-ақ қанды шайқастар алаңына айналды» — деп жазды Ақселеу Сейдімбек.
Дипломатияны шебер меңгерген Есім ханның тұсында қазақ хандығы күшейген, жоңғар-қалмақтан көп жерді қайтарып алған. Өз дәуірінің аса үлкен мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшы Есім хан туралы тарихшы ғалым Мұхамеджан Тынышбаев былай деп жазды: «Тәуекел мен Есім заманы қазақ тарихында қазақ халқының бір тудың астында жиналуымен ерекшеленеді. Қазақтардың күш қуатының артуы әрі мұнің өзі Бұхардағы шайбанидтер хандығының әлсіреуімен тұспа-тұс келуі қазақтардың Шейбанид хандығын жаулап алмақ болған үкілі үмітін оятты. Бірақ Тәуекел мен Есім Бұхараны ала алмады. Есім хан Самарқан өңіріне 1605, 1611, 1612 жылдары үш рет шапқыншылық жасап жолындағының бәрін жайлап өтеді».
1598 жылы Түркістан біржолата қазақ хандығының қол астына өтіп, Есім ханнан бастап қазақ хандығының орталығы болды. «Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен» деген арғын Қаз дауысты Қазыбек биден артқыға сөз қалған. Халық ақыны Қазанғап Байболұлы « Еңсегей бойлы ер Есім» атты дастанында хан бейнесін терең сүйреттеуге ұмтылған.
Халық аузында Еңсегей бойлы ер Есім атанған ханның қасында, жорықтарда қатар жүрген қолбасшы әрі ақылшы ұстазы алшын Жиембет жыраудың толғауында бұл әміршінің портреті мен қайраткерлігі берілген. « Еңсегей бойлы ер Есім, Есім, сені есірткен, Есіл де менің кеңесім. Марқасқа жырау қатағанның Тұрсын ханның сатқындығы үшін Есім хан қалай жазаланғанын өшпес жырға таңбалап кетті. Тарих заңы қатыгез, бір әміршінің сорақы кесірінен сол бұлғақта қатаған тайпасы қатты зардап шекті. «Есім салған ескі жол» — далалық заңдар жиынтығы кейінірек Әз Тәуке бекіткен « Жеті жарғы» заңына арқау болып, қазақ халқының салт-дәстүр қалыбына, рухани үрдісіне ақ жол ашты. Соның ірі жалпы әлем халықтарыныңтеңдесі жоқ тыйым – « Жеті атаға дейін қыз алыспау» дәстүрі қазақ халқының генетикалық қан тазалығынын сақтап, ұрпақ алмасуда тектік құнарды нығайта түсті.

0 comments

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.