+1.13
1 reader, 7 topics

Төрткүлтөбе қалашығы (Шынар)

Қазығұрт ауданындағы Шынар ауылынан 1 шақырым оңтүстікте орналасқан.

Географиялық координатасы: с.к. 41° 48, 540 ш.ұ. 069° 47, 258
Шынар, төрткүлтөбе
Жалпы көрінісіне қарап мұнда өте үлкен қала болғанға ұқсайды. Төрткүлтөбенің мықты қорғаныс жүйесі болған. Негізгі төбеге жанасып жатқан жайпақ алаңдарды қосқанда аумағы 4 га шамасында. Айналасы егістікке айналған. Мұнда түрлі керамика сынықтарын кездестіруге болады. Айнала ор іздері, шығыс бетіндегі болған екі мұнара орны анық білінеді.

Солтүстік, шығыс және батыс жағы тік жарлы болып келген, биіктігі 30-35 м, оңтүстік жағы аласа (кіреберіс жағы болуы мүмкін) 10 м. Тонау іздері байқалады.
Шынар, төрткүлтөбе

Тентектөбе елді мекені (ІҮ-ҮІ ғ.ғ.)

Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе ауылынан 5 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан. 1982 ж. Шымкент педагогикалық институтының археологиялық экспедициясы ашқан (Н.П. Подушкин).
тентектөбе
Географиялық координаттары: с.к. 41° 46. 997 ш.ұ. 069° 45. 502
тентектөбе
Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан, жоспарда шаршы тәріздес төбенің аумағы: биіктігі 10 м, жоғарғы алаңқайы 10х10, негізгісі 70х80 м. Оған солтүстік-шығыстан жапсарласып жатқан алаңның биіктігі 3-4 м және жалпы диаметрі 30-40 м. Керамикалық ыдыстардың басым бөлігі қолдан жасалып, ангобпен шашырата әрленген асханалық құмыралардан, кеселерден тұрады. Қазба жұмыстары жүргізілмеген.

Қаратөбе қалашығы (Х-ХҮІ ғ.ғ.)

Қаратөбе ауылынан 0,5 шақырым шығыста, тау өзенінің сол жағасында орналасқан. 1982 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық экспедициясы (Н.П. Подушкин) зерттеген.

каратобе
Жоспарда төртбұрышты төбенің көлемдері: биіктігі 10-11 м, іргетасы 100х80 м, жоғарғы алаңқайдың биіктігі 30-40 м. Төбеге оңтүстік жағынан ұзындығы 5-6 м ормен бөлінген, трапеция пішінді алаңқай жапсарласып жатыр. Алаңқайдың жоғарғы қабатының 2-3 м қазіргі заман зираттары салдарынан бұзылған. Негізгі керамикалық материалдары – басым көпшілігі қолмен жасалған құмыра, көзе, ас табақ тәрізді ыдыстардың сынықтары, арасында моңғол-темір кезеңіне жататын сырлы керамикалар. Қазба жұмыстары жүргізілмеген.
каратобе

Сүткент қалашығы (І – ХҮ ғғ)



Сүткент қалашығы Ұлы Жібек жолы бойындағы Сырдарияның сол жағалауындағы көлемі мен маңыздылығы жағынан да бірегей ескерткіш. Шардара ауданы Сүткент ауылынан шығысқа қарай 3 шақырым жерде, Сырдарияның сол жағалауында орналасқан.

Х-ХІ ғасырлардағы араб және түркі жазба деректерінде Фараб округінің Мауераннахрмен шекарасындағы қала ретінде аталады. Ол туралы араб тарихшысы әрі географы ибн Хаукаль: «Сүткент Шаштың батысында, онда мешіт бар. Мешітке исламды қабылдаған түркілер жиналады», — деп жазған. Сүткенттің аты ХІ ғасырдың соңынан ХҮ ғасырдың басына дейінгі деректерде кездеспейді. Тек 1404-1405 жж. Әмір Темірдің Отырарға жорығы кезінде қайта аталады.

Иқан қалашығы. ІХ – ХҮІІІ ғ.ғ.



Иқан қалашығы. ІХ – ХҮІІІ ғ.ғ.

Түркістан қаласынан оңт.шығысқа қарай 24 шақырым жерде, Иқан ауылының орталық бөлігінде орналасқан.
Географиялық координаттары: 43˚11.332΄, 068˚31.486΄.
Иқан қаласы ХҮІІІ ғ. Тұрсын хан (1712-1717) және оның ұлы Барақтың (1749-1750) ордасы ретінде айтылады.
Қала жайлы мәліметтер Хафиз Таныштың «Шараф-наме-йи-шахи» атты шығармасында кездеседі.

Городище Икан IX — XIII вв

Расположен в центральной части села Икан, на 24 км от города Туркестан.
Географические координаты: с.ш. 43˚11.332, в.д. 068˚31.486.
Икан город известен как орда Турсун хана в XVIII веке (1712-1717 годы) и его сына Барак (1749-1750 годы).
Сведения о городе встречаются в произведений Хафиз Таныш, «Шараф-наме-йи-шахи.»

Ancient city of Ikan IX — XIII centuries.

It is located 24 kilometers from the city of Turkestan, in the central part of Ikan village.
Geographical coordinates: 43˚11.332, ş.u. 068-331.486.
Ikan hillfort is known as the horde of Tursyn Khan of the 18th century (1712-1717) and his son Barak (1749-1750).
Hafiz Tanıştıñ Information about the ancient settlement is found in the book of Hafiz Tanysh, «Sharaf-nam-yi-shahi».

Алтынтөбе қалашығы Х-ХҮІ ғғ.

Алтынтөбе қалашығы Х-ХҮІ ғғ.
алтынтөбе
Алтынтөбе ауылының солтүстігінде, Қаржансу өзенінің сол жағасында орналасқан.
Географиялық координаттары: с.к. 41° 49. 842; ш.ұ.069° 42. 462
Ірі орта ғасырлық қалашық. Орталық төбесі ормен бөлінген шаршы тектес: биіктігі 13-15 м, негізгісі 100х120 м, жоғарғы бөлігі — 40х50 м. Оған оңтүстік-шығыстан, солтүстік-оңтүстік бағытында кескіні белгісіз алаңқай жапсарласып орналасқан (140х80 м). Үш жағынан тізбектеле қорғаныс қорғандарымен қоршалған. Қалашықтың шығыс Қаржансу өзені жағы жар болып келген. Айналасында керамикадан жасалған ірі тұрмыстық ыдыстардың, құмыралардың сынықтарын көптеп кездестіруге болады. Ыдыстардың басым бөлігінде көлденең сызықпен сызылған бейнелер және сонымен қатар монғол–темір кезеңіне және одан да ерте кезеңге жататын керамика ақшыл-көгілдір түсті құймамен көмкеріліп жасалған. Қазба жұмыстары жүргізілмеген.

Городище Алтынтобе X-XVI в.в.
Расположено на северной окраине села Алтынтобе, на левом берегу реки Каржансу.
Географические координаты: с.ш. 41 ° 49. 842; в.д. 069 ° 42. 462
Крупный средневековый город. Центральная часть крыши наподобие квадратной формы: высота 13-15 м, высота с основания 100x120 м, высота верхней части 40x50 м. Вокруг строения с юго-востока, в северо-южном направлении имеется площадка неопределенной формы (140x80. С трех сторон окружен оборонительными ограждениями.Восточная сторона городища-сторона реки Каржансу с крутыми склонами. Вокруг, можновстретить много предметов домашнего обихода из керамики, осколки разбитых ваз. На большинствахпосуд в имеются горизонтальные изображения, а также относящиеся к периоду монгольского –темирской и даже к еще раннему периоду, изделия из керамики имеют покрытиеиз светло-голубого цвета смеси. Раскопки не проводились.

The Altyntobe town of X-XVI centuries.
Located in the north side of the village Altyntobe on the left bank of the river Karzhansu.
Geographical coordinates: 41 ° 49 '482, ş.u. 069 ° 42 '462
A large medieval town. The centralpart of the roof has a square shape: height 13 x 15 m, height from the base 100 x 120 m, height of theupper part 40 x 40 m. Around the building from the south-east, in the north-south direction there is an area of indefinite for. ( 140 x 80 m). Surrounded on three sides by defensive fences. The eastern side of the town is the side of the river Karzhansu withsteep slopes. Around it you can find many household items made of ceramic, broken pieces of vases. On most dishes, there are horizontal images, as well as those related to Mongolian-timur period and even to even earlier periods. Ceramic products have a light blue coating of mixture. Excavations have not been carried out.

Жылаған ата бұлағы мен үңгірі


Жылаған ата үңгірі – Түркістан қаласынан 80 шақырымдай жерде орналасқан. Қаратау жотасының Жылаған ата шатқалында, Абай елді мекенінен солтүстікке қарай Жылаған ата өзені бойындағы үңгір. Ол бір кездері тау жартастарының құлауынан пайда болған. Шатқалдан төмен түскенде өзеннің сол жағалауында қуыс көрінеді. Осы қуыстан оқтын-оқтын су атқылап тұрады.
«Жылаған ата» үңгірі туралы аңыздың түбі бір болғанмен, бірнеше нұсқамен айтылады. Мәселен, оның бір нұсқасында ертеректе Қарт Қаратаудың баурайын мекен еткен бір кісі жалғыз перзентке зар болыпты. Ертелі-кеш Аллаға дұға қылып, жалынып-жалбарынып бала сұрайды. Сонда әлгі кісі «Бір нәрсе бере гөр, бір нәрсе берсең болды!» дей береді екен. Әдетте адам баласы Жаратқаннан сәби тілегенде «Мейірімді, саналы, ақылды бала нәсіп ет!» деп тілеу қажет деген осыдан қалса керек.
Екінші бір аңызда: Әулие-әнбиелердің басына әйелі екеуі түнеп жүріп, бір күні әйелі құрсақ көтереді. Айы-күніне жетіп, толғатып, әйел іркілдеген мес туыпты. Мұнан соң әйел түн ішінде: «Құдайдан күндіз-түні тілегенім бұл емес еді ғой!» деп жылап-еңіреп месті құшақтап үйден шығып кетеді. Тау-тастың арасында месті көтеріп, он екі жыл бойы көзінің жасы көл болып, каңғыл жүре береді. Күндердің күнінде әйелдің қолындағы мес жерге түсіп кетіп, жарылып, іщінен бала жылап шығып, жартастар арасымен қаша жөнеледі. Анасы «Балам, «оқташы!» деп жалынып соңынан жүгіре береді: Бала: Артымдағы анам шөлдеп келе жатыр ғой» деп асасын жерге бір ұрып бұлақ ашып кетеді. Сол қашқан бойы бір үңгірге кіріп кетеді. Анасы ары шақырады, бері шақырады, бала тек үңгірден ішінен: «Ана, мені іздеме, үйге қайта ғой» деп үн береді, бірақ өзі шықпайды. Анасы оны қимай, сол үңгірдің жанынан кетпей жүре береді. Бір кезде бала үңгірден шығып: «Ана, мен ақыреттік баламын, бұл жерде жүре бермей, еліңе қайт, мен бәрібір енді жоқпын, менің мекенім – осы жер, осы үңгір» дейді. Анасы жалығанмен бала көнбейді. Анасы «Құдайдын жазғаны осы шығар» деп ойлап, баласына: «Жарайды, мен кетейін» дейді жүрегі қан жылап тұрып. Бала: «Тек артыңа қарама, жалғыз тілегім сол» дейді. Анасы ақыры күдәр үзіп, таудан шыққан соң әлі де қимай, артына жалт қарайды. Артына қараса, қызыл су оны өкшелей басып келе жатыр екен. Әйел артына қараған заматта қызыл су жеріне сіңіп кетеді. Егер әйел артына қарамағанда, сол құла түз дала жайқалған жасыл желек болады екен. «Жылаған ата» деп бала кіріп кеткен үңгір сол уақыттан бері аталып келеді. Қазіргі күнде ол жерге көп адамдар зиярат етіп барады. Мұны аңыз десек те, сол үңгірдің кіре берісінде жалаң аяқ баланың іздері тасқа басылып қалған. Үңгір кәдімгі сарқырама секілді. Бірақ сарқырамадан үнемі су ағып тұратын болса, «Жылаған атадан» су үнемі ақпайды Басына барып Құран оқыған адамға ақпайды», – деп түсіндіреді ақсақалдар. Сол үңгірді жағалап жүре берсеңіз, бір жартас тік болып келіп, одан тамшылап су ағып тұрады. Оны «Жылаған атаның анасының көз жасы» дейді. Жылаған атаның местен шыққан жері, мес түскен жер «Мес әулие» деп аталады. Ол жерді де жергілікті халық киелі жер деп санайды. Жылаған атаның суы бір адамға ағып, екінші бір адамдарға ақпайтыны – дегенмен де жұмбақ құбылыс.
Тағы бір нұсқасында: зайыбы дөп-дөңгелек мес (қарын) босанған соң, аң-таң болған жұбайлар тез арада молда шақыртады. Сонда молда: «Бұл тегіннен тегін емес, Алланың сынағы болса керек. Жұбайын месті етегіне салып, қырық бір күнге дейін шыдамдылық танытып, түсірмей жүруі абзал» деп өз жөнімен кете береді. Бірақ, қырық күн толғанда тағаты таусылған ана жолдасына қарап, «Қашанғы месті көтеріп жүремін» деп етегін жазып жібереді. Сайдан сырғи түскен доптай, әлгі мес домалап жерге құлап, ортасынан қақ айырылады. Ішінен қолында асатаяғы бар күшкентай бала ытқып шығып: «Ата-анам, қырқына шыдап, қырық біріне шыдамадын ба?» – деп тауға қарай қаша жөнеледі. Артынан ата-анасы да қалыс қалмайды. Бала желаяқтай жеткізер емес. Таудың етегіне жақындай түскенде артына бұрылып қараса, ебіл-дебілі шыққан ата-анасын көреді. «Шөл қысқан болар» деп, аяушылық танытып, шар тәріздес дөңгелек тау тасын асатаяғымен түртіп қалады. Құдіреттің күшін қараңыз! Тастың дәл ортасы шытынап, үгіліп түседі. Сөйтіп бір қауға шелек сыятындай құдық пайда болады. Ішінен мөлдіреп су шығады. Содан бала жалаң аяқ құдықты айналшықтап, асатаяғымен айналасын түртіп, біршама жер қашықтықта қалған ата-анасын күтіп тұрады. Ахылеп-ухылеп жетуге таяп қалғанда, қайтадан тұра қашады (құдықтың айналасында баланың кішкентай іздері мен асатаяғының орны тасқа таңба басқандай өрнектеліп қалған). Бұл жолы бала таудың биік шыңына қарай өрмелеп, бейтаныс бір үңгірге біржолата еніп кетеді. Жалғыз перзентінен қол үзген ата-анасы егіле жылап қала берді. Міне, содан бері бұл жер «үңгір) «Жылаған ата» деп аталып кеткен.
Судың дәмін бір татып көрген адам қайта-қайта ішкісі келіп тұрады екен. Бірақ суды ыдысқа құйып қайнатып ішуге болмайды. Ондай кезде су бірден көзден ғайып болады. Кезінде геологтар ұзынқұлақтан осы үңгірдің құдіреті туралы естіп, «жай ғана теңіздің толқыны болса керек» деп Жылаған атаның басына келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Үңгірден атқылаған судың қайдан пайда болғанын анықтау үшін екі ай уақыт жүреді. Бірақ осы аралықта бірде-бір рет үңгірден су шықпайды. Сонда басын шайқап таңғалған зертттушілер «Бұл – шыныда да Құдіреттің күш!» деген екен.
Бір күні бір жігіт ағасы ниет етіп үңгірдің басына түнейді. Ертесіне бір молданың намазға жығылғаның көріп, қасына отыра кетіп, ішінен дұғасын оқыды. Кенет арт жағынан нәрестенің шықылықтаған даусы естіледі. Жалт етіп бұрылып қараса, кішкентай бала құммен үйшік жасап, соны қызықтап отыр екен. Орнынан атып тұрған жігіт балаға жақындай бергенде, ол бірден үңгірге кіріп кетеді. Содан соңынан ілесуге тырысқан жігіт үңгірден аттай бере, ортада қысылып, шыға алмай қалады. Сөйтіп молдалар шақыртып, құран оқытып, әзер дегенде шығарып алған.
Міне, «Қырқына шыдап, қырық біріне шыдамадың ба?» деген сөз осыдан қалған.
Үңгірдің оң жағында кішігірім кесене – сопа салынған. Аңыз әңгімелер бойынша, осы сопада түнеген құрсақ көтермеген әйел нәрестелі болады екен. Табиғатпен үйлесім бұзылмаған жердің қасиетіне дау жоқ. Рухани қастерлі жерлердің керемет энергетикасы болуы заңды, қазақ халқы мұндай тылсым жерлерді бір сөзбен әулиелі жер деп атайды.