Бірлік-Ордабасы мемориалды кешені



1726 жылы Ордабасы тауында жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына Әбілөайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар мен Төле би, Қазыбек би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді және елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын жасады. Осы жолғы қазақтың үш жүзінің тізе біріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты – Білеуті шайқасы мен 1729-1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Ордабасы тауындағы тарихи жиынды мәңгі есте сақтау мақсатында 1997 жылы орнатылған «Бірлік» монументінің ашылу салтанатына Елбасы Н. Назарбаев қатысты. Үш бұрышындағы үш ұстыны – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің асқақ тұлғаларын білдіреді. Үш бидің ұлағатты сөздері үш бетінен орын алған.
Толық оқу →

ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ


Оңтүстік Қазақстан аумағында, Арыс өзенінің Сырдарияға барып құяр жеріндегі жазирада ірге тепкен Отырар қаласы – тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб аттарымен белгілі қала орны. Отырар орта ғасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ астанасы ретінде кеңінен танымал. Отырар орнында елді мекеннің пайда болуы біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына сәйкес келеді.
Толық оқу →

Аппақ ишан мешіті



Түркістан қаласынан ағайынды ишандар – Қосым және Құлатай деген арабша көп оқыған, ислам діні жөнінде жеткілікті білімі бар кісілер Шаян ауылына келеді (Бәйдібек ауданының орталығы). Олардың мақсаты қарапайым қазақ бабаларының сауатын ашып, ислам діні арқылы қалың елді сабырлыққа шақырып, имандылыққа ұйыту болатын.
Толық оқу →

Арыстан баб кесенесі



Кесене Қожа Ахмет Ясауидің рухани ұстазы болған діни қайраткер, аты аңызға айналған ұлы тұлға Арыстан бабтың жерленген жеріне салынған. Арыстан баб – Отырар, Сайрам, Түркістан (Ясы) жеріндегі сопылардың рухани ұстазы. Аңыз бойынша, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) аманатын, құрманы 400 жыл сақтап, Қожа Ахмет Ясауиге тапсырған адам. Ясауи ұстазынан діни ілім үйреніп, 16 жыл қасында мүрит болған, қызмет қылған деседі.
Толық оқу →

«Әзірет сұлтан» тарихи-мәдени кешені


«Әзірет-сұлтан» тарихи-мәдени кешені-ақын, ислам дінінің көрнекті жазушысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясаудің құрметіне арнап Әмір Темір салдырған кесене (хакана) негізінде Түркістан қаласында 1991 жылы ашылған. Бүкіл түркі жұртының, мұсылман қауымының қадір тұтатын киелі орны. Қорық мұражай Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен бірге Үлкен қылует( жерасты мешіті, ХІІ ғасыр), Әулие Құмшық ата қылуеті (ХІІ ғасыр), Сегіз қырлы кесене (ХҮІ-ХҮІ ғасырлар), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (ХҮ ғасырлар ), Есім хан кесенесі (ХҮІІ ғасыр), т.б. археологиялық, тарихи сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды.
Сонымен қатар бұл қорымда қазақ халқының ардақ тұтқан кемеңгер адамдары, мемлекет қайраткерлері, елі үшін ерлік өмір сүрген қас батырлар жерленген.

Толық оқу →